Глубокое ауданынан шыққан Аяш Кабдолаева садақ атудан әлем чемпионы атанып

Глубокое ауданынан шыққан Аяш Кабдолаева садақ атудан әлем чемпионы атанып

Глубокое ауданынан шыққан Аяш Кабдолаева садақ атудан әлем чемпионы атанып, Корея Республикасында өткен Әлем кубогында бірінші орынды иеленді! 

32 елдің спортшылары қатысқан додада Аяш жоғары шеберлігін, ерік-жігерін және жеңіске деген сенімін көрсетті.

Бұл жеңіс — оның күнделікті еңбегінің, табандылығының және спортқа деген шексіз сүйіспеншілігінің нәтижесі.

Аяш Кабдолаеваны зор жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Оған алдағы уақытта да жаңа жетістіктер, шабыт және халықаралық ареналарда жарқын жеңістер тілейміз!