Глубокое ауылында бейнебақылау камералары іске қосылды

Глубокое ауылында бейнебақылау камералары іске қосылды

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Глубокое ауылында бейнебақылау камералары пайдалануға берілді.
Заманауи жүйелер қоғамдық орындардағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға, оқиғаларға жедел әрекет етуге және құқықтық тәртіп деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Камераларды орнату – ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
Бейнебақылау жүйесін кеңейту жұмыстары жалғасын табады.