«Отбасы — мемлекет қорғауында, адам құқықтары» тақырыбында маңызды кездесу өтті

«Отбасы — мемлекет қорғауында, адам құқықтары» тақырыбында маңызды кездесу өтті

16.09.2025ж Глубокое ауданындағы Абай атындағы мәдениет үйінде «Отбасы — мемлекет қорғауында, адам құқықтары» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Шараға Достық үйінің жетекшісі Г.Сейльжанова —және аналар кеңесінің төрайымы Р.Адильбаева —қатысты. Бұл кездесуде Глубокое аумақтық сайлау комиссиясы Конституция баптарын түсіндіріп, мемлекеттің отбасы құндылықтарын қорғаудағы рөлін атап шықты.
Кездесу соңында, Гүльнара Амирбековна және Роза Қасиевна «Мерейлі отбасы» конкурсына қатысқан Дулатовтар — Саят Дұлатұлы мен Алтынай Серікханқызын құттықтап, Глубокое ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.В Старенкованың атынан алғыс хат және Достық үйінін атынан естелік сыйлық табыстады.
Бұл күн отбасы мен қоғамның бірлігін және құндылықтарды нығайтуға деген ұмтылысымызды тағы да көрсетеді.


#Отбасы #Қоғам #Құқық #Мемлекет #ҚұқықтыҚорғау #Ынтымақ #МерейліОтбасы