Зейнетақы аннуитеті туралы не білесіз?
«БЖЗҚ» АҚ-да (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтары (ЗЖ) бар қазақстандықтар зейнетақы алудың бірнеше тәсілін таңдай алады. Олар: зейнетақыны БЖЗҚ-дан кесте бойынша алу (жинақтар таусылғанға дейін), өмір бойы төлем алу үшін сақтандыру компаниясымен шарт жасасу немесе осы тәсілдерді үйлестіріп қолдану.
Әр ай сайын берілетін төлемдерді өмір бойына немесе кепілдендірілген мерзім ішінде тұрақты түрде алып отыру үшін сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалуы қажет.
Зейнетақы аннуитеті деген не?
Зейнетақы аннуитеті — бұл азамат пен өмірді сақтандыру компаниясы арасындағы шарт, оған сәйкес сақтандыру компаниясы ай сайынғы зейнетақы төлемін өмір бойы немесе келісілген жасқа дейін төлеуге міндеттенеді.
Қазіргі таңда Қазақстанның сақтандыру нарығында зейнетақы аннуитетінің мына түрлері қолданылады:
Аннуитет шарттары:
Егер МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған жинақ мөлшері аздық етсе, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) қаражатын да қолдануға болады. Тіпті жарналардың барлық түрлері бойынша зейнетақы жинағы да жеткіліксіз болса, жұбайыңызбен немесе жақын туыстарыңызбен (әке-шешеңіз, балаларыңыз, асырап алушыңыз, асыранды ұл-қызыңыз, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер, әкпе-қарындастар, ата-әжелер, немерелер[1]) бірлескен аннуитет рәсімдеуге немесе өз қаражатыңыз есебінен толықтыруға болады.
Зейнетақы аннуитетінің негізгі ерекшеліктері:
Шарт жасасу тәртібі. Өзгерту/бұзу шарттары
Зейнетақы аннуитеті шарты жазбаша жасалады. Зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін МЗЖ салымшысының (салымшыларының) және (немесе) пайдасына МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның сақтандыру ұйымына берген өтініші негіз бола алады. Өтініште сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны (сақтандырылушыны) сәйкестендіру үшін қажетті деректер қамтылуы қажет. Қажетті құжаттар тізбесі мен тапсыру тәсілдері туралы толық ақпаратты БЖЗҚ сайтындағы "Қызметтер – Зейнетақы аннуитеті" бөлімінен таба аласыз.
Зейнетақы аннуитеті шарты жасалған сәттен бастап екі жыл ішінде оны бұзуға немесе өзгертуге болмайды. Осы мерзім өткеннен кейін шартқа өзгерістер енгізу мүмкіндігі берілгенімен, қаражатты БЖЗҚ-дағы шотқа түгелдей қайтаруға рұқсат жоқ: сақтандыру ұйымында өзгерістер енгізілген күні қолданыста болған төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан кем болмайтын ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшерін қамтамасыз ете алатын сома қалуы тиіс.
Екі жылдан кейін шартты бұзу басқа сақтандыру компаниясымен жаңа аннуитеттік шарт жасалған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл ретте қаражат жаңа сақтандыру ұйымына аударылады.
enpf.kz сайтындағы "Онлайн сервистер – Болжамды зейнетақы калькуляторы" бөлімінде орналастырылған зейнетақы калькуляторының көмегімен сақтандыру компаниясына аудару үшін жеткілікті соманы есептеп, сақтандыру компаниясынан және БЖЗҚ-дан берілетін болжамды төлемдердің мөлшерін салыстыруға болады.
ЕСКЕРТУ: Шартқа қол қоймас бұрын оның барлық талаптарын мұқият оқып шығып, салмақты әрі саналы шешім қабылдау маңызды.
АНЫҚТАМА: 01.01.2025 жылғы жағдай бойынша 2024 жылы 62 592 салымшы БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына 394,54 млрд теңге сомада зейнетақы жинақтарын аударды. Биылғы жарты жылда 01.07.2025ж. жағдай бойынша 33 543 салымшы сақтандыру ұйымдарына БЖЗҚ-дан 151,78 млрд теңге жіберді.
[1] ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексінің 1-бабы