27 тамызда Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы мен ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі өзге ұлт өкілдерінен шыққан мемлекеттік қызметкерлер арасында “Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздік символы” атты облыстық байқау өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қоғамдық өмірде қазақ тілінің мәртебесін көтеру және мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге этнос өкілдері арасынан белсенді жастарды анықтап, ынталандыру.
Сайысқа Шығыс Қазақстан облысының әр аймағынан қатысушылар келіп, бақтарын сынады. Қатысушылар барлық кезеңдерде қазақ тілін жетік меңгергендерін, ойларын еркін жеткізе алатындарын және мемлекеттік рәміздер мен Ата Заңға деген құрметтерін көрсете білді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде Глубокое аудандық сотының бас маманы Л.Туяковаға бұйырды.