2025 жылдың 21 тамызы күні Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығымен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі...

2025 жылдың 21 тамызы күні Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығымен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі...

2025 жылдың 21 тамызы күні Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығымен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесіп Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру, мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында  аудандық дербес бөлім қызметшілері арасында Қазақстан халқының тілдері күніне орай  «Тілі бірдің -туы бір» зияткерлік сайысын өткізді. Аталған сайысқа экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімдерінің мамандары қатысты. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Қатысушылар сайыстың барлық кезеңдеріне белсене қатысты. Әділқазылар алқасы мүшелерінің шешімімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 1 –орынды жеңіп алса, жер қатынастары мен  экономика бөлімдері 2- орын, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы  бөлімі  мен  қаржы бөлімі  3-орынға ие болды. Барлық қатысушыларға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының атынан мадақтамалар беріліп,  сыйлықтар табысталды. Шара аудандық Абай атындағы мәдениет үйінің  әншісі Нұрайдың орындауындағы  «Туған жер» атты тамаша  әнімен аяқталды.