Өсімдіктерді қорғау – бұл өсімдік шаруашылығы өнімінің зиянкестер мен аса қауіпті зиянды организмдерден болатын шығындардың алдын алу мақсатында жүргізілетін фитосанитарлық іс-шаралар.
Ауыл шаруашылығы өнімін арттырудың және оның сапасын жақсартудың маңызды қоры – өнімді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден тиімді қорғау болып табылады.
Өсімдіктерді қорғау саласында фитосанитарлық іс-шараларды жүргізу бойынша жауапкершілікті мемлекет пен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында бөлу ұсынылады.
Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 14-5-бабына сәйкес, қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалар:
1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге және саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына жол бермеуге;
2) пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарын сақтауға;
3) фитосанитариялық есепке алуды жүргiзуге және уәкілетті органның ведомствосына есептiлiктi табыс етуге;
4) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуге;
5) пестицидтердi залалсыздандыруға және арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi жағдайда ұстауға;
6) қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын талаптарды сақтауға;
7) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасына сәйкес өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың ұйғарымдарын орындауға;
7-1) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
8) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi инспекторларға олардың Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын орындауына жәрдемдесуге мiндеттi.
Яғни, жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитарлық іс-шараларды, үйірлі және саяқ шегірткелерге қарсы іс-шараларды қоспағанда, өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті (Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 20-бабы 3-тармағы).
Зиян тигiзудiң экономикалық шегi (ЗЭШ) - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң ысырабын туғызатын, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудi қажет ететiн саны.
Шығыс Қазақстан облысы аумағында таралған аса қауіпті зиянды организмдер:
Дәнді дақылдардың аса қауіпті ауруы – септориоз
Септориоз бидайдан басқа арпаны да зақымдайды. Ауру көбінесе жапырақ пен олардың қынабында дамиды. Ол ұзынша сарғыш-қоңыр жолақтар немесе ортасы күл-сұр, шеті қара-қоңыр дақтар түрінде көрінеді. Уақыт өте келе дақтар үлкейіп, бірігіп, үлкен некроз жолақтарын құрайды, жапырақтар ерте қурайды. Кейін ауру масаққа да өтеді.
Таралуы мен зияндылығы
Септориоз жыл сайын дерлік байқалады, құрғақшылық жылдардан басқа. Әсіресе мол жауын-шашын және төмен температура жағдайында, бидайдың түптену–масақтану кезеңінде дамиды. Өнім шығыны негізінен масақтағы дәннің азаюы және салмағының төмендеуінен болады. Септориоз дәнді дақылдардың өнімділігін 30 %-дан астамға азайтуы мүмкін.
Күресу шаралары
Септориозға қарсы агротехникалық және химиялық шаралар қолданылады:
2025 жылы жаздық бидайдан 1000 га алқапта, оның ішінде Бобровка ауылдық округінде 100 га ,Тархан ауылдық округінде 580 га, Секисов ауылдық округінде 320 га алқапта септориоз анықталды. Ауыл шаруашылығы құрылымдары 1000 га аумаққа фунгицидтік өңдеу жұмыстарын жүргізді.
Үйірлі шегірткелер (Италиялық прус)
Италиялық прус – ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтіретін, көпқоректі зиянкес. Морфологиялық тұрғыдан – орташа көлемді, жақсы дамыған үстіңгі және артқы қанаттары бар организм. Артқы қанаттары үстіңгі қанаттарынан сәл қысқа әрі салыстырмалы түрде жіңішке. Зиян келтіруі дернәсіл және имаго (ересек) кезеңдерінде байқалады – өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтарын жеп, өнімді азайтады.
Имаго (ересек насеком):
Дернәсіл: Ересек насекомға ұқсас, бірақ бастапқы жаста қанатсыз, кейінгі жаста қанаттары дами бастайды.
Жұмыртқа: Қою қоңыр түсті, қапшық тәрізді (кубышка), цилиндр пішінді, ортасы жіңішкерген, қақпақты. Әдетте бір қапшықта 25–50 жұмыртқа болады.
Зияндылығы: Итальян шегірткесі өсімдіктердің жапырағы мен сабағын жеп, өнімді төмендетеді. Ең қауіпті кезеңі – табынды фазасы, өйткені бұл кезде насекомдар үлкен топ құрап, кең алқаптағы егісті жоя алады.
Кең ауқымды дақылдармен қоректенеді: дәнді, бұршақты, майлы, көкөніс, техникалық дақылдар, жүзім және басқалар. Дала дақылдарына да, бақша дақылдарына да зиянды. Құрғақшылық жылдары жаппай көбеюі мүмкін және ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді. Сондай-ақ жайылымдар мен шабындықтарды зақымдайды.
Күресу шаралары:
Санын уақытылы есепке алу: алдын алу шараларын қабылдау үшін маңызды.
Тексеру кезеңдері:
Глубокое ауданында 2025 жылға дейін аса қауіпті зиянкес – итальяндық шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстары жоспарланбаған.
Үйірлі шегірткелерге (азиялық, марокколық, итальян шегірткесі) қарсы химиялық өңдеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығының 22-тармағына сәйкес («Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы») республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.
Шығыс Қазақстан облысында таралған зиянды организмдер:
Саяқ шегірткелер
Саяқ шегірткелердің дене өлшемдері түріне қарай үйірлі шегірткелерден үлкен немесе кіші болуы мүмкін. Ұзындығы 19–40 мм-ге дейін жетеді, ал сібір кобылқасының аналықтары – 19–26 мм. Саяқ шегірткелердің түсі әдетте ашық емес, қоршаған ортада жасырынып қалуға мүмкіндік беретін реңкті болады.
Дене пішіні көбінесе созылыңқы, артқы секіргіш аяқтары жақсы дамыған. Қанаттары жақсы дамығанымен, алыс қашықтыққа ұшпайды. Саяқ шегірткелер, әдетте, жаппай көбею кезінде үйірлі түрлердей ірі көлемге жетпейді. Олардың түсі камуфляж реңкті, ал үйірлітүрлерде түсі жиі ашық әрі контрастты болады.
Саяқ шегірткелер дара өмір сүреді, үлкен топ құрмайды, қоныс аударуға бейім емес. Бір отбасыға жататын үйірлі түрлерден айырмашылығы – олардың морфологиясы мен мінез-құлқында дара тіршілікке бейімделген ерекшеліктері бар. Саяқ шегірткелер экожүйеде маңызды рөл атқарғанымен, үйірлі түрлердей ауыл шаруашылығына ауқымды қауіп төндірмейді.
Глубокое ауданында 2025 жылға дейін аса қауіпті зиянкес – саяқ шегірткелерге қарсы өңдеу жұмыстары жоспарланбаған.
Саяқ шегірткелердің сан мөлшері зияндылықтың экономикалық шегінен асқан жағдайда оларға қарсы фитосанитарлық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу облыстың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады (Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңы, 9-бап, 4-1 тармақша).
Пестицидтерді сатып алу, оларды сақтау, тасымалдау және табынсыз шегірткелердің ошағын химиялық өңдеу қызметтері облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 403-бабы 2-тармағына сәйкес, «Фитосанитариялық бақылау объектілерінде фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің саны зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен жоғары болатындай олардың дамуы мен таралуына әкеп соққан жүргiзбеу» 5-тен 50 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Карантиндік зиянкестер мен арамшөптер үшін экономикалық зияндылық шегі болмайды – фитосанитарлық іс-шараларды жүргізу үшін және оларды жүргізбегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін бір зиянкес немесе арамшөптің болуы жеткілікті.
Шығыс Қазақстан облысында таралған карантиндік зиянкестер мен арамшөптер:
Карантиндік арамшөптердің ерекшеліктері:
Олар жоғары зияндылығымен ерекшеленеді және:
Мысалы, құрамында арамсояу өсімдіктері бар жем-шөп жануарлардың улануына себеп болуы мүмкін.
Жатаған қызғылт укекіре (горчак ползучий)
Зияндылығы. Жерді жатаған қызғылт көкмұрынмен ластанған жағдайда ауыл шаруашылық дақылдарының жойылуының негізгі себебі – тамыр жүйесінің көптігі мен терең орналасуы салдарынан топырақтың қатты құрғауы. Бұл арамшөптің зияндылығы оның тұқымдары мен тамыр жүйесінің мәдени дақылдарға уытты әсер етуімен байланысты. Жатаған көкмұрын көптеген жануарларға, әсіресе жылқыларға улы, бірақ қой мен ешкі жақсы жейді. Оның терең әрі тарамдалған тамыр жүйесі топырақ өңдеуді қиындатады, бұл барлық агротехникалық шаралардың шығынын арттырады.
Морфологиясы, биологиясы. Көпжылдық тамыр атпа арамшөп. Жылусүйгіш, жарық сүйгіш, тұзға төзімді және өте құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Бос та, тығыз да топырақта жақсы өседі. Жатаған көкмұрынның қуатты тамыр жүйесі негізгі тік тамырдан және одан жан-жаққа таралатын көлденең тамырлардан тұрады. Негізгі тамыры 10 метрден астам тереңдікке бойлайды. Бір шаршы метрде 100 және одан да көп сабақты түптер түзеді. Биіктігі 20–70 см.
Қолайсыз жағдайда тамыр кесінділері 3 жылға дейін өміршеңдігін сақтайды. Тұқымдары топырақта 5 жылға дейін сақталады. Өну үшін топырақтың ылғалдылығы мен температурасы жоғары болуы қажет. Мамыр–маусымда гүлдейді, маусым–шілдеде жеміс береді. Әдетте астық жинау кезеңіне дейін пісіп үлгереді.
Таралу жолдары. Тұқым себеттері өте қалқымалы, олар еріген, тасқын және суару суларымен, сондай-ақ арамшөп тұқымы араласқан тұқымдық материалмен, пішенмен, сабанмен алыс қашықтықтарға таралады.
Күресу шаралары. Негізгі мақсат – тамыр жүйесін жүйелі түрде кесіп, көлеңкелеп, жер асты бөліктерінде қоректік заттардың жиналуына және қайта өсуіне кедергі жасау.
Гүл шоғырлы дақылдармен (қара бидай, сұлы, арпа, жүгері, жоңышқа) қара парды кезектестіріп егу тиімді, себебі олардың қалың жасыл массасы жатаған көкмұрынның өсуін басады. Қара пар өңделетін жердің кемінде 20–25%-ын қамтуы тиіс.
Гүл шоғырлы дақылдар жиналғаннан кейін егіс алқабын міндетті түрде сыдыра жырту қажет. Күзгі жырту және қара парды көтеру әр аймақтың оңтайлы мерзімінде жүргізілуі тиіс.
Жатаған укекірені толық жоюға агротехникалық шараларды заманауи гербицидтермен үйлестіре отырып қана қол жеткізуге болады. Парда гербицид қолдану – шығынды айтарлықтай азайтып, тиімді күресуге мүмкіндік беретін кешенді тәсіл.
Жатаған укекіре мәселесі жыл сайын күрделене түсуде. Бұл арамшөп қазірдің өзінде мемлекеттің азық-түлік, экологиялық және әлеуметтік қауіпсіздігіне қауіп төндіретін деңгейге жеткен.
Арамсояулар (повилики) – дала және жіңішке сабақты түрлері
Зақымдайтын дақылдары. Арамсояу көптеген ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтіреді. Сонымен қатар, 200-ден астам жабайы және арамшөп түрлерін зақымдайды.
Зияндылығы. Арамсояу – сабақты паразиттер, олар өнімді азайтып қана қоймай, оның сапасын да төмендетеді, өсімдіктердің зиянкестер мен ауруларға шалдығуына себеп болады. Сондай-ақ, олар көптеген өсімдік вирустарының бастапқы тасымалдаушылары және құрамындағы алкалоидтар жануарларды уландырады.
Морфологиясы, биологиясы. Оның сабағы жіп тәрізді, сары, кірпіш түсті немесе сарғыш-жасыл, диаметрі 0,8 мм-ге дейін. Гүлдері қысқа гүлсағақта (1,5–2 мм), 4–9 данадан шоқгүлге жиналған. Тұқымдары сарғыш-қоңыр, шығыңқы тұмсықты, сыртқы жағы дөңгелек, ішкі жағы қос қырлы.
Жылусүйгіш, жарықсүйгіш өсімдік. Тұқымдары топырақ жақсы қызғанда өнеді. Негізгі сабағы жер бетінен кемінде 10 см биіктікте орналасады. Бір тұқымнан дамыған шырмауық 20 мыңнан астам тұқым береді, олар топырақта 5 жыл және одан да ұзақ сақталады. Сабақ кесінділері арқылы да тез көбейеді.
Күресу шаралары.
Импортталған өніммен арамшөптердің тұқымын әкелудің алдын алу.
Жерді жүйелі түрде зерттеу.
Бастапқы және оқшауланған ошақтарды жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Жемшөпті гүлдену басталғанға дейін, бір жарым метрлік кепілдік аймағын шабу арқылы, содан кейін шабылған массаны жою арқылы ұйымдастырылады.
Глубокое ауданының аумағында шектеулі, карантиндік арамшөптердің екі түрі кең таралған, бұл қызғылт у кекіре, оның ошақтары Глубокое кентінде табылған, ал екіншісі арамсояу (повилика), ол аудан аумағында республикалық және облыстық маңызы бар трассалардың жол бойындағы жиектерінде кең таралған.
Қазіргі уақытта Глубокое ауданы бойынша 1 қызғылт укекіре ошағы тіркелген. Арамсояу бойынша Глубокое кентінде, ЖШС ОблШығысЖол тиесілі облыстық маңызы бар жол жиектерінде, АҚ КазАвтоЖол тиесілі республикалық маңызы бар жол жиетерінде таралған.
2025 жылдың 13 маусым айында Глубокое кенті әкімдігімен жатаған укекірені 0,7 га шабу арқылы (агротехникалық шара) жою әрекеттері орындалды.
2025 жылдың тамыз айында Глубокое кенті жерлерінде карантиндік арамшөп – арамсояу ошақтарын жою (жинау және өртеу) шаралары жүргізілді.
3. Глубокое ауданына қарасты ЖШС «ОблШығысЖол» жерлерінде, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жол жиектерінің бойында анықталған арасояу ошақтары: Бобровска ауылдық округінде Өскемен – Бобровка-Нұртау тас жолының бойында 5,6,7,8 км, залалданған алаңы 1 га, ошағы – 1 га, Өскемен – Горная Улбинка – Феклистовка жолының бойында 25-27 км, 33-34 км аралықта залалданған, залалданған алаң 2 га, ошағы 2,0 га. Секисовка-Шемонаиха жолының бойында 2-6 км, 9-10 км, ластанған аумақ 0,5 га, ошақ - 0,5 га, Өскемен-Винное-Тарханка-Топиха жолының бойында 5 км, 9-13 км, ластанған аумақ 0,9 га, ошақ - 0,9 га. Ағымдағы жылдың шілде айында Глубоковский ауданында қарасты «ОблШығысЖол» ЖШС жерлерінде 4,4 га аумақта карантиндік арамшөп – арамсояу шөбін жою мақсатында ластанған аумаққа жол жиегінде химиялық әдіспен жою шаралары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың тамыз айында Глубокое ауданында қарасты ҚазАвтоЖол АҚ жол жиектеріндегі карантиндік арамшөптерді, арамсояуларды 7,4 га аумаққа химиялық әдіспен жою шаралары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 18-бабы 2-тармағы 1-тармақшасына сәйкес, карантиндік объектілер мен бөгде түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою іс-шаралары, жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы учаскелерде жүргізіледі (осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда).
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 400-бабына сәйкес, өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзу – 20-дан 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағы 12-12-тармақшасына сәйкес, пестицидтер (оның ішінде инсектицидтер, фунгицидтер), биологиялық агенттер (энтмофагтар) құнын субсидиялау қарастырылған. Бұл өкілеттік облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жүктеледі.
Фитосанитариялық талаптар:
Есептер Глубокое аудандық-аймақтық инспекциясына, мекенжайы: Глубокое ауданы , Попович к-сі 33, пәтер 11. тел.: 2-35-00, 8-775-783-79-92
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 403-бабы 1-тармағына сәйкес, фитосанитариялық есептілікті бермеу немесе уақытылы бермеу – 5-тен 50 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Глубокое аудандық
аумақтық инспекция басшысы
Е. Қайырбеков