ШҚО-да найзағай күтіледі

ШҚО-да найзағай күтіледі

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 16 тамызда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Өскемен қ. найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Халыққа сақтық шараларын сақтау қажет:

  • найзағайды үйде күткен жөн, бұл ретте терезені, есіктерді, түтіндіктерді жабыңыз, электр құрылғыларын қуат көздерінен ажыратыңыз және пайдаланбаңыз;
  • металл қоршаулардың, төбелердің немесе басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз;
  • желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз;
  • үйлер мен мекен-жайлардың жанында от жақпаңыз, құрғақ шөпті өртемеңіз. Саяжай учаскелерінде алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы керек. Автокөліктерден сөндірілмеген темекіні, шыны ыдысты тастамаңыз.

ТЖ туындаған жағдайда «112» бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалыңыз.