Ауыл шаруашылығы – ел байлығы! Санаққа қатыс, үлес қос!

Ауыл шаруашылығы – ел байлығы! Санаққа қатыс, үлес қос!

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылғы 1 тамыздан 20 қазан араылығында өткізіледі. Санақ ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің барлық санаттарын – ірі кәсіпорындардан жеке қосалқы шаруашылықтарға дейін қамтитын болады. Мақсаты – ауыл шаруашылығы саласының жай-күйі: егіс алқаптары, техника, мал мен құс саны, инфрақұрылым туралы нақты және толық мәліметтер алу.

Ауыл шаруашылығы санағына қалай қатысуға болады? 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz. сайтында сауалнамаларды өздігінен толтыру. 20 қыркүйектен 20 қазан аралығында планшеттері бар интервьюерлер үй шаруашылықтарына барып сауалнама толтырады. Санақ ауыл шаруашылығын қолдаудың тиімді шараларын әзірлеуге көмектеседі.

 

 

Ауыл шаруашылығы өндірушіліерінің назарына: Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы басталды. 2025 жылғы 1 тамыздан 20 қазанға дейін республика бойынша кең ауқымды ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі. Бұл еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің жай-күйі туралы нақты және шынайы мәліметтер алуға бағытталған маңызды шара.   

Санақ не үшін жүргізіледі? Санақтың мақсаты – ауыл шаруашылығы объектілерін жан-жақты қамту, деректердің қайталануын болдырмау және саланың негізгі тенденцияларын, проблемалары мен қажеттіліктерін анықтау. Санақ нәтижелері алдағы уақытта мемлекеттік аграрлық саясатты тиімдірек қалыптастыруға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге атаулы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Санаққа кімдер қатысады? Санақ объектілері

  • жер және егіс алқаптары;
  • мал мен құс саны;
  • ауыл шаруашылығында қолданылатын машиналар, жабдықтар және ғимараттар;
  • ауыл шаруашылығы саласының инфрақұрылым элементтері.

Санақтың субъектілері:

  • заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшілері (ауыл шаруашылық кәсіпорындары);
  • Жеке кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары;
  • Жеке қосалқы шаруашылығын жүргізетін және/немесе ауыл шаруашылығы малдарын ұстайтын үй шаруашылықтары.

Санақ қалай жүргізіледі? Санақ екі кезеңде жүргізіледі:

Сауалнаманы онлайн толтыру 2025 жылдың 1 тамызы мен 31 тамызы аралығында ауыл шаруашылығы құрылымдарымен жеке қосалқы шаруашылықтар sanaq.gov.kz. сайтында санақ парақтарын өз бетінше толтыра алады. Онлайн жүйе қателерді болдырмауға көмектесетін және деректердің сенімділігін арттыратын кірістірілген басқару жүйесімен жабдықталған.

Жеке сұхбат 20 қыркүйектен 20 қазан аралығында планшеттері бар интервьюерлер онлайн сауалнаманы толтырмаған үй шаруашылықтарына барады. Жеке үй шаруашылықтары мен кәсіпорындар жұмыс істейтін немесе тұрғылықты жері бойынша әңгімелесуден өтеді.  

Ақпаратты жинау барлық құпиялылық нормаларын сақтай отырып жүргізіледі. Санаққа қатысу – еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесіңіз.   

Сұрақтар туындаған жағдайда 1446 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалу арқылы жауап алуға болады.