
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 25 шілдеде облыстың солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ. жоғары өрт қаупі сақталады.
27 шілдеде күндіз облыстың оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Халыққа сақтық шараларын сақтау қажет:
- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз;
- мүмкіндігінше көшеде болуды шектеу керек, әсіресе ең ыстық сағаттарда – 11-ден 17-ге дейін, қарқынды физикалық белсенділіктен аулақ болыңыз;
- судың жанында демалу-тек рұқсат етілген жерлерде, абаттандырылған жағажайларда шомылыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, мас күйінде шомылмаңыз.
- есіңізде болсын, жылу кезінде өрттің ықтималдығы артады. Үйлер мен мекен-жайлардың жанында от жақпаңыз, құрғақ шөпті және қамысты өртемеңіз. Саяжай учаскелерінде: алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы керек. Автокөліктерден сөндірілмеген темекіні, шыны ыдысты тастамаңыз.
ТЖ туындаған жағдайда «112» бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалыңыз.