Офицерлік кадрларды дайындайтын негізгі ұстаханалардың бірі - Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты болып табылады.
Бүгінгі таңда 55 жылдық тарихы бар ең көңе әскери жоғары оқу орны өзінің бастауын 1970 жылғы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесінің құрылуынан бастау алады. Өзінің жарты ғасырлық тарихы барысында, институтты 20 мыңнан астам офицер бітіріп, олардың 83 «генерал» жоғары офицерлік шенге ие болды. Үш түлек қорғаныс министры лауазымында қызмет атқарды, олардың қатарында қазіргі Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов та бар. 3 түлек Кеңес Одағының батыры, 7 түлек Ресей батыры және 1 түлек генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев «Халық қаһарманы» атағына ие болды.
Әскери институттағы оқу мерзімі 4 жыл, оның 3 жылы казармада және 1 жылы жатақханада. Сонымен қатар 3 мезгіл тегін тамақпен, 100% барлық курсанттарды шәкіртақымен, киім-кешекпен және жабдықтармен, медициналық көмекпен, қажетті оқу және көркем әдебиет кітаптарымен қамтамасыз етіледі. Апта сайынғы қалалық сейілдеме барысында, курсанттарда Алматы қаласының театр, музей және басқа да қаланың көрікті жерлеріне баруға мүмкіндігі бар. Институтта пікірсайыс клубы және Алматы мен республикалық Жайдарман ойындарында өнер көрсететін Жайдарман тобы бар.
Институт заманауи білім беруге арналған оқу-материалдық базамен, дәріс аудиториялары және оқу зертханаларымен қамтамасыз етілген. Кафедралардың кеңселері мен сыныптары, заманауи ғылым мен технологияларды дамыту деңгейінде, әскери мамандарды сапалы даярлау үшін, қажетті барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ, институтта армиялық қоян-қолтық ұрыс, жеңіл және ауыр атлетика, спорттық бағдарлау және әртүрлі қысқы спорт түрлеріне арналған үйірмелер бар. Осы мақсатта спорттық алаңдар, стадиондар және жабық бассейні бар спорттық кешен жұмыс істейді.
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты келесідей 15 біліктілік бойынша мамандарды дайындайды:
- мотоатқыш бөлімшелерін басқару;
- танк бөлімшелерін басқару;
- артиллериялық бөлімшелерін басқару;
- десанттық-шабуылдаушы бөлімшелерін басқару;
- барлау бөлімшелерін басқару;
- инженерлік қамтамасыз ету;
- техникалық қамтамасыз ету;
- ракеталық-артиллерия қару-жарағы қызметін ұйымдастыру;
- азық-түлік қызметін ұйымдастыру;
- киім-кешек қызметін ұйымдастыру;
- жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету;
- тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру;
- психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру;
- радияциялық, химиялық, биологиялық қорғау және қоршаған ортаны қорғау;
- әскери істегі дене дайындығы және спорт.
Әскери институтқа оқуға түсу үшін келесідей қадамдарды орындау қажет:
- 10 маусымға дейін, тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаға барып, жазбаша мәлімдемемен хабарласу қажет;
- ҰБТ бойынша кәсіптік пәндерді таңдаған кезде, келесі пәндердің бірін таңдау керек:
ҰБТ-ның 5 пәнінен кемінде 50 балл жинау қажет, оның ішінде кәсіптік пәндердің бірінен кемінде 7 балл қажет, олар: математика, география және физика. Ал қалған пәндердің әр қайсысынан кемінде 3 баллдан жинау қажет.
Жыл сайын, барлық емтихандарды сәтті тапсырған курсанттарға, қыста 15 тәулікке, ал жазда 30 тәулікке каникулярлық демалыс беріледі. Демалыс барысында, демалыс өткізу орнына баруға және қайтуға темір жол поездына тегін билет беріледі.
Оқу бітіргеннен кейін, барлық түлектерге алғашқы офицерлік «лейтенант» шені беріліп, Қарулы күштердің, Ұлттық ұланның, Төтенше жағдай министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің әскери бөлімдеріне 100% жұмыспен қамтамасыз етіліп, жіберіледі.