Облыста дауылды ескерту жарияланды

Облыста дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 16 шілдеде күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.Халыққа сақтық шараларын сақтау қажет:
- найзағайды үйде күткен жөн, бұл ретте терезені, есіктерді, түтіндіктерді жабыңыз,электр құрылғыларын қуат көздерінен ажыратыңыз және пайдаланбаңыз;
- металл қоршаулардың, төбелердің немесе басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз;
- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз;
- мүмкіндігінше көшеде болуды шектеу керек, әсіресе ең ыстық сағаттарда – 11-ден 17-ге дейін, қарқынды физикалық белсенділіктен аулақ болыңыз;
- судың жанында демалу-тек рұқсат етілген жерлерде, абаттандырылған жағажайларда шомылыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, мас күйінде шомылмаңыз.
- есіңізде болсын, жылу кезінде өрттің ықтималдығы артады. Үйлер мен мекен-жайлардың жанында от жақпаңыз, құрғақ шөпті және қамысты өртемеңіз. Саяжай учаскелерінде: алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы керек. Автокөліктерден сөндірілмеген темекіні, шыны ыдысты тастамаңыз.
ТЖ туындаған жағдайда «112» бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалыңыз.