
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты 12 шілдеде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ. күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Халыққа сақтық шараларын сақтау қажет:
- найзағайды үйде күткен жөн, бұл ретте терезені, есіктерді, түтіндіктерді жабыңыз,электр құрылғыларын қуат көздерінен ажыратыңыз және пайдаланбаңыз;
- металл қоршаулардың, төбелердің немесе басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз;
- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз;
- Үйлер мен мекен-жайлардың жанында от жақпаңыз, құрғақ шөпті және қамысты өртемеңіз. Алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы керек. Автокөліктерден сөндірілмеген темекіні, шыны ыдысты тастамаңыз.
ТЖ туындаған жағдайда «112» бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалыңыз.