Домбыра – жүректен шыққан үн! 

Домбыра – жүректен шыққан үн! 

Домбыра – қазақ елінің көнекөз шежіресі, ғасырлар қойнауынан жеткен асыл мұрасы! Ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі ретінде, ол әрбір қазақ баласының жүрегінде ерекше орын алады. Домбыра күні қарсаңында осы қасиетті аспаптың қадірін арттырып, ұлттық өнерімізді жаңғыртуға бағытталған шаралардың маңызы зор.

Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздың күйлері арқылы біз тарихымызды, салт-дәстүрімізді тереңірек танимыз. Осындай ұлы мұраны жандандыруда Домбыра күнінің алар орны ерекше.

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Р. Әділбаева және Достық үйінің әдіскері Р. Нұрланбекқызы Орынбасаровтар отбасына арнайы барып, жаңа туған Нұрғисаны құттықтап қайтты. Домбыра күніне орай сәбиге арнап Үндеу айтып, сыйға домбыра тарту етті. Нұрғиса домбыраның үнімен бірге өсіп, өнерге жақын, ұлтжанды азамат болсын! Анасы Кербезге ақ жаулықты ана бол деп ақ орамал сыйға тартты


ДомбыраКүні