Черемшанка ауылдық округ активінің отырысында Грохотов Петр Михайловичқа «Глубоков ауданының Құрметті азаматы» құрметті атағы салтанатты түрде табысталды.
Төсбелгіні аудандық мәслихаттың төрағасы Кәлігожин Алтай Советханович табыстады.
Осы күні Петр Михайловичты зор ілтипатпен және алғыс сөздерімен зейнеткерлік демалысқа шығарып салдық.
Көпжылдық еңбегі, жоғары кәсібилігі мен ауданның дамуына қосқан қомақты үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.
Сізге зор денсаулық, отбасылық тыныштық пен жаңа өмір кезеңінде мол бақыт тілейміз!