28 маусымда Быструха ауылының 235 жылдығына арналған үлкен іс-шара өтті!

28 маусымда Быструха ауылының 235 жылдығына арналған үлкен іс-шара өтті!

Дайындық өте тамаша болды, ауыл округтері мен көрші аймақтардан келген хореографиялық ұжымдардың жарқын өнерін тамашалап, барша жұрт шексіз қуанды. Ойын-сауық бағдарламасы тұрғындарға жақсы әсер сыйлап, көңілдерін көтерді!

Іс-шараны аудан әкімі Е. Тұмашинов ашып, ауылдастарын мерекемен құттықтап, оларға лайықты алғыстар табыс етті. Сонымен қатар, мәдениет үйіне 10 миллион теңге сертификатын табыс етті — мәдениетті дамытуға үлкен қолдау!

Аудандық аеалар кеңесінің төрайымы Р. Адильбаева барша тұрғындарды мерекемен құттықтап, сый-сияпат ретінде беделді Кузнецовтар отбасының — Василий Андронович пен Елена Семеновнаға алғыс хат пен естелік сыйлық ұсынды.

Баршаңызға шын жүректен құттықтаймын, туған Бысрутха! Алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен қуанышты оқиғалар көп болсын!