Глубокое ауданы Краснояр ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 2685, дауыс беруге қатысқаны – 1706 (63,54%).
Сайлау қорытындысында Әлиев Нұржан Рамазанұлы – 180 (11,11%), Садвакасова Мадина Маратқызы – 1257 (77,59%), Тосубаева Роза Рамазанқызы – 159 (9,81%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 24.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «Aуыл» ХДПП ұсынған, 1985 жылы туған, «ШҚО, Глубокое ауданы Краснояр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Садвакасова Мадина Маратқызы – Краснояр ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Глубокое аудандық аумақтық сайлау комиссиясы