Веселовка ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы мен сайланған әкім туралы хабарлама

Веселовка ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы  мен сайланған әкім туралы хабарлама

Глубокое ауданы Веселовка ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 835, дауыс беруге қатысқаны – 642 (76,89%).

Сайлау қорытындысында Ксембаев Ғабит Ахметұлы – 505 (84,59%), Рахимжанов Нұрлан Әлібекұлы – 40 (6,70%),  Серікбаева Гулия Альчаровна – 43 (7,20%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 9.

Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1965 жылы туған,  «ШҚО, Глубокое ауданы Веселовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Ксембаев Ғабит Ахметұлы – Веселовка ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Глубокое аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы