Тазалық — әрқайсымыздан басталады!

Тазалық — әрқайсымыздан басталады!

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Опытное Поле кенті Горная көшесі, 2-үйдің маңына қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған бірнеше контейнер орнатылды.

Бұл шара қоршаған ортаны таза ұстау, қалдықтарды дұрыс жинау және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында жүзеге асырылды.

Тұрғындарды тұрмыстық қалдықтарды арнайы контейнерлерге тастауға шақырамыз. Тазалық — әрқайсымыздан басталады!