Катонқарағай ауылындағы ипподромда "Алтай-түркі әлемінің алтын бесігі" халықаралық фестиваліне орайластырылған Шығыс Қазақстан облысының XXIII халықтық спорт ойындары аясында көкпар бойынша қызықты да тартысты жарыстар өтті. Бұл — күшті, төзімділікті және командалық бірлікті талап ететін көрнекі ұлттық спорт түрі.
Жарыстарға барлығы 13 команда, 282 спортшы қатысуда. Олардың ішінде 156 шабандоз көкпардан бақ сынап, ат үстіндегі шеберлігін, тактикалық ойы мен ұлттық ат спортына деген құрметін паш етуде. Бұл — қазақтың байырғы ат мәдениетімен терең байланысқан нағыз рухты бәсеке.