
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет», сондай-ақ ашықтық, айқындық және ақпараттың қолжетімділігі қағидаттарын іске асыру мақсатында азаматтар үшін WhatsApp-бот іске қосылды.
WhatsApp-боттың мақсаты – қаржылық мониторинг органдарына жүгінетін азаматтардың жиі қойылатын сұрақтарына жедел жауап беру. Енді әрбір азамат:
консультация ала алады;
нормативтік-құқықтық актілермен таныса алады;
мемлекеттік қызметтер көрсететін мобильді қосымшалар мен сервистерге қол жеткізе алады;
сондай-ақ уәкілетті органдардың өзекті байланыс деректерін ала алады.
Ол үшін 8 701 000 1458 нөміріне хабарлама жіберу жеткілікті.
Call-center: 1458 @afm_rk | Facebook | Instagram | TikTok