Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығында Ахмет Байтұрсынов атындағы "Үздік оқытушы" облыстық байқауы өтті. Байқауға облыстың тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары қатысты. Қазылар алқасының шешімімен Глубокое ауданының Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Әйгерім Бексатоваға 1 орын берілді. Құттықтаймыз!