
Глубокое кенті Оралхан Бөкей атындағы орта мектебінде Отбасы күні және Аналар күніне орай "Ақ орамал" акциясы аясында керемет шара өтті. Шараға ауылдың құрметті апалары Кенжетай Рамазанқызы және Казипа Абзалбекқызы, ауданның көпбалалы аналары Салтанат Манатханқызы, Мөлдір Турсынгалиқызы, Лаура Манатқанқызы және Ақмарал Нұрмухаметқызы қатысты.
Дөңгелек үстел басында Әжелер алқасының төрайымы Н.Акишева ханым және аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Р.Адильбаева ханым ақ орамалдың қасиеті мен маңызы туралы терең әңгіме қозғады.
Шара барысында 19-20 ғасырлардағы әйелдердің бас киімдері туралы деректі фильм көрсетіліп, қыз баланың дүниеге келгеннен бастап, егде жасқа дейінгі бас киімдерінің эволюциясы баяндалды.
Шараға қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімелеп, әр отбасына амандық тіледі. Шара соңында жас әйелдерге ақ орамал сыйға тартылды, ал балалар апалардан баттан бата сұрады.