Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
БЖЗҚ
Әлеуметтік осал санаттарға жататын салымшылардың салық салынатын табысын қайта есептеп, ЖТС қайтаруға құқығы бар
06 августа 2025

Өтеуге құжат тапсыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды.

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сонымен қатар, қолданыстағы Салық кодексіне әлеуметтік осал санаттарға жататын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын  төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған БЖЗҚ алушылары мен салымшыларының мүдделерін қорғайтын өзгерістер енгізілді.

Қандай өзгерістер енгізілді?

Әлеуметтік осал топтарға жататын тұлғалар біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде салық салынатын табысқа стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқылы. Олардың көпшілігі тұрғын үйге және (немесе) емделуге БЗТ алған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) бірден төлеген.   Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мұндай тұлғалардың БЗТ түріндегі салық салынатын табысына стандартты салық шегерімдері (882 АЕК[1] шегінде) қолданылады. Бұл осы санатқа жататын алушылар БЗТ алған күннен бастап үш жыл ішінде ЖТС қайта есептеу мен өтеуді қолдану үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алатынын білдіреді. Алайда, БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған адамдар әртүрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Енді ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулардың қабылдануына байланысты 2025 жылғы 15 шілдеден бастап жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды.

ЖТС қайтару құқығын кім пайдалана алады?

ЖТС қайтаруға құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген.

Қайда жүгіну керек?

БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, кірістерді қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына шұғыл түрде жүгінуі қажет.

Стандартты салық шегерімі қолданылғаннан кейін, бұған дейін ЖТС ұсталған болса, ол алушының жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Егер ЖТС төлеу кейінге қалдырылған болса, онда ай сайынғы зейнетақы төлемдерін алған кезде оны төлеуге қатысты міндеттеме алынып тасталады.

Аталған өзгерістер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қолданыста болады, өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді.

Анықтама үшін. Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері ҚР Салық кодексіне сәйкес 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кіріске жатады. ЖТС міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері бойынша жиынтық түрде ұсталады. Осы Ережелер тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЖТ) де қатысты.

Біржолғы зейнетақы төлемі (БЖТ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында салымшы (зейнетақы төлемдерін алушы) БЖЗҚ-дан алатын міндетті зейнетақы жарналары есебінен (ал 01.07.2023ж. дейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен де)  қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы.

Естеріңізге сала кетейік, ЖТС-ны ұстаудың екі әдісі бар: ЖТС алған кезде бірден және зейнетақы алғанға дейін кейінге қалдырумен. Заңнамаға сәйкес ЖТС есептейтін салық агенті – БЖЗҚ, ол салықты жеке тұлғаның таңдауына қарай екі жолмен ұстай алады:

o БЗТ сомасының 10% төлемді жүзеге асыру кезінде бірден ұсталады.

o барлық пайдаланылатын зейнетақы жинақтарының 10%-ы алушы зейнеткерлікке шыққаннан кейін ұсталады. Бұл ретте салық сомасы тең бөліктерге бөлінеді және он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде алушының ай сайынғы зейнетақы төлемдерінен шегеріледі.

ЖТС-ты қалай ұстау керектігін уәкілетті операторға өтініш берген кезде БЗТ алушы ғана шешеді.

 

[1] Айлық есептік көрсеткіш

БЖЗҚ
Фрилансерлерге зейнетақы жарналарын қалай аударуға болады? 
05 июня 2025

БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар

  • Фрилансерлер міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме, олардың жарна мөлшері қалай есептеледі?

Әлеуметтік кодекстің нормаларына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) агенттер төлейді. Агент – БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен МЗЖ, МКЗЖ, ЖМЗЖ, ЕЗЖ аударатын, ұстап қалатын (есептейтін) жеке немесе заңды тұлға. Оларға Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалар да жатады. 

МЗЖ-ны мына санаттарға жататын азаматтар өз бетінше төлейді:

  • жеке кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермерлік қожалықтардың басшылары, олардың 18 жасқа толған мүшелері, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына төлей алады;

Бұл ретте, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс дегеніміз – МЗЖ төленбейтін табысты қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін тұлғаның өзі айқындайтын табыс. Бірақ Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспауы тиіс.

Сонымен қатар, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Егер аталған адамдардың табысы республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 1 еселенген мөлшерінен кем болса, олар МЗЖ-ны республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 1 еселенген мөлшерінен төлеуге құқылы;

  • салық агенттері болып есептелмейтін жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар.

Бұл ретте, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс – бұл МЗЖ төленбейтін табысты қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін тұлғаның өзі айқындайтын табысы. Бірақ Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспауы тиіс.

МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚР Әлеуметтік кодексі "Қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметтерін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы жүзеге асыратын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету" бабымен толықтырылды.

Интернет-платформалардың және (немесе) мобильдік қосымшалардың операторы арнайы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнайы салық режимін (АСР) қолданатын жеке кәсіпкерлердің (ЖК)  кірістерінен міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) ұстап қалуды жүргізеді және ұсталған сомаларды БЖЗҚ-ға аударады. МЗЖ мөлшерлемесі МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 1% мөлшерінде немесе МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде орындаушының өз қалауы бойынша айқындалады. МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс деп орындаушылардың көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған табысы түсініледі.

Интернет-платформа операторы – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету бойынша (оның ішінде үшінші тұлғаларды тарта отырып) байланыс орнату үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және өзге де мүмкіндіктер беретін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.

Орындаушы – интернет-платформада тіркелген, тапсырыс берушілерге қызмет көрсететін немесе жария шарт негізінде интернет-платформаны пайдалана отырып жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.

МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс дегеніміз – арнайы мобильдік қосымша пайдаланылатын АСР қолданатын жеке кәсіпкер-орындаушылардың көрсеткен қызметтері немесе орындаған жұмыстары үшін алған табысы. 

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.             

  • Фрилансерлер зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін БЖЗҚ-да шотты қалай аша алады?

Зейнетақы жарналарын – міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу бірінші жарна түскен кезде жүргізіледі. Пайдасына зейнетақы жарналары жүзеге асырылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру жарналарды аудару кезіндегі төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректердің (ТАӘ, ЖСН, туған күні) негізінде жүзеге асырылады. БЖЗҚ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы және өзге де барлық қажетті мәліметтерді Мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша, ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ, өйткені зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша шот автоматты түрде ашылады.

ЖЗШ ашу және зейнетақы жарналарын аудару мәселелері бойынша ақпарат БЖЗҚ сайтында орналастырылған.

3) БЖЗҚ салымшыларға өз шоттарын мониторингілеу және зейнетақы жинақтарын басқару үшін қандай онлайн-құралдар немесе қызметтер ұсынады?

БЖЗҚ қызметтерінің 90%-дан астамы автоматты, электрондық және қашықтықтан тәулік бойы (24/7) ұсынылады.

Зейнетақы шотын тұрақты мониторингілеу үшін Қор сайтындағы немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинет арқылы үзінді көшірме алу неғұрлым жедел және ыңғайлы болып табылады. Үзінді көшірмеде салымшыға қажетті барлық ақпарат беріледі. Атап айтқанда, жинақтардың жалпы көлемі, оның ішінде жарналар түрлері бойынша жинақталған қаражат сомасы жеке көрсетіледі. Сондай-ақ, үзінді көшірмеден зейнетақы жарналарын қай ұйым, қандай уақытта аударғанын да білуге болады. Сондай-ақ, сұралған кезеңдегі инвестициялық кірістің мөлшерін көруге болады.

Жеке кабинетте зейнетақы шотының жай-күйіне қатысты ақпараттан басқа, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шоттың болуы туралы анықтама алу, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге және болашақта алғыңыз келетін зейнетақы мөлшерін көрсете отырып, зейнетақы жоспарын құруға көмектесетін зейнетақы калькуляторы мен дербес зейнетақы жоспарын пайдалануға болады.

Зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтар үшін ыңғайлы.

4) Фрилансерлерге ерікті зейнетақы жарналарын аудару қажет пе, бұл жарналардың артықшылықтары қандай?

- Болашақта алатын зейнетақыңыздың мөлшерін арттыра түскіңіз келсе, зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын да аударып отырсаңыз болады. Ерікті зейнетақы жарналарының артықшылығы көп. Мәселен, Сіз жарна мөлшері мен төлеу кезеңділігін, жинақталған зейнетақы қаражатын алу тәртібін өзіңіз белгілейсіз. Ерікті аударымдарды екінші деңгейдегі банктердің ұялы қосымшалары арқылы төлеуге болады. Бұл БЖЗҚ салымшылары үшін тиімді әдіс.

Айта кетелік, өзіңіздің ғана емес, кез келген үшінші тұлғаның – мысалы, жұбайыңыздың, ата-анаңыздың, туған-туыстарыңыздың, тіпті кәмелетке толмаған балаңыздың да ерікті зейнетақы шотына жарна аударуыңызға болады. Бұл үшін оның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізсеңіз жетіп жатыр. 

ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ, зейнетақы жарналарының басқа түрлері сияқты ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ алғашқы жарна аударылған сәтте автоматты түрде ашылады. 

Ерікті зейнетақы жарналары да, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Егер инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50% дейінгі мөлшерін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын толық көлемде сеніп тапсыруға болады. 

Сондай-ақ, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін 50 жастан бастап алуға болады. 

Салымшының ЕЗЖ аудару туралы дер кезінде қабылдаған шешімі зейнетақы капиталын едәуір толықтыруға және болашақта жоғары мөлшердегі төлемдер алуға негіз бола алады.

  • Фрилансерлердің зейнетақы жинақтары инвестициялана ма?

Қазақстанның басқа азаматтарының зейнетақы жинақтары сияқты, фрилансерлердің зейнетақы жинақтары да инвестицияланады. Инвестициялаудың негізгі мақсаты - ұзақ мерзімді перспективада нақты табыс табу. Сондықтан оларды басқару нәтижелерін объективті бағалау үшін кем дегенде 1 жыл кезеңіндегі деректерді талдау қажет. Мұндай мерзім ұзақ мерзімді перспективада инвестициялардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Инвестициялаумен Қазақстанның Ұлттық Банкі және бес басқарушы компания айналысады: "Jusan Invest" АҚ, "Halyk Global Markets" АҚ, "BCC Invest" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ, "Halyk Finance"АҚ. Сіз басқарушы компанияны өзіңіздің қалауыңыз бойынша таңдай аласыз.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы  (www.enpf.kz) "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде ай сайын жарияланып отырады.

Березовка, Веселовка, Краснояр және Черемшанка ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы - 29 маусым 2025 жыл
21 мая 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі
15 мая 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдар
15 мая 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы
15 мая 2025

 

Ушанов ауылдық округі - 2025 жылғы 11 мамыр
02 апреля 2025
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ және онлайн - платформаларды пайдаланушылар тізбесі 2025 ж
02 апреля 2025
Мемлекеттік қызметтер
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға кеткен шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет электронды форматта
17 февраля 2025

«Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы хабарлайды:

отбасының табысына қарамастан, мүгедек балалардың ата-анасының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне (мемлекеттің толық қамқорлығындағы мүгедек балаларды және ата-анасы құқығынан айырылған мүгедек балаларды қоспағанда) «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу».

Оқуға кеткен шығындарды өтеу өтініш берген айдан бастап мүгедек баланың үйде оқытылатыны туралы білім беру ұйымының анықтамасында көрсетілген мерзім өткен айға дейін жүргізіледі.

Жеке білім беру жоспары бойынша мүгедек балалар қатарынан мүгедек балаларды үйде оқытуға өтемақы мөлшері әр мүгедек балаға ай сайын он айлық есептік көрсеткішке тең. 2025 жылға айлық есептік көрсеткіш 3932 теңге, сәйкесінше 10 айлық есептік көрсеткіш 39320 теңге.

Бұл қызмет түрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы, сондай-ақ электронды форматта «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталында қолжетімді.

«Электрондық үкіметтің» веб-порталына кіру алдында өтініш беруші электрондық цифрлық қолтаңба алуы қажет.

Толық ақпаратты «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 8/72331/21573 телефон арқылы хабарласуға болады. 

Перед обращением на веб-портал "электронного правительства" заявителю необходимо оформить электронную цифровую подпись.

За более подробной информацией вы можете обратиться в ГУ «Отдел занятости и социальных программ Глубоковского района» по номеру телефона 8/72331/21573.

Мемлекеттік қызметтер
Жеке бағдарламадағы ұсыныстарға сәйкес мүгедектерді мемлекеттік қолдау
17 февраля 2025

Мүгедектерді техникалық қолдаумен (компенсаторлық) қамтамасыз ету «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына  сәйкес медициналық көрсеткіштер негізінде  жүзеге асырылады

Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарға мыналар жатады:

1) міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар (жөргектер, колостомиялық қаптар, дәретханалар, катетерлер, сорғыш жаймалар (жөргектер), стома айналасындағы теріні қорғауға және тегістеуге арналған герметик пастасы, стома айналасындағы қорғаныс пен күтімге арналған крем, иісті бейтараптандырғыш, стома айналасындағы теріні күтуге, жамбас аймағын және емдеуге арналған тазартқыш);

2)   сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, сондай-ақ дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары (есту аппараттары, веб-камерасы бар ноутбук, көп функциялы дабыл жүйесі, мәтіндік хабарламалар және қабылдау құрылғылары бар ұялы телефон, саңыраулар мен нашар еститіндерге арналған сағаттар, Колер импланттарына арналған сөйлеу процессоры, дыбыс шығаратын аппарат);

3) тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар (тифлор таяқшасы, оқу машинасы, сөйлеу синтезі бар экранға кіруге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету бар ноутбук, Брайль әрпімен жазуға арналған құрылғы, Брайль әрпімен жазуға арналған жетекші, аудио хабарламасы бар ұялы телефон және дауыс жазу құрылғысы, аудио жазбаларды ойнатуға арналған ойнатқыш, нашар көретін адамдарды қараңыз, сөйлеу шығысы бар термометр, сөйлеу шығысы бар тонометр, сынақ жолақтары бар сөйлеу нәтижесі бар глюкометр). Арнайы көлік құралдары – мүгедектердің қозғалысын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі (қолмен жүргізілетін негізгі жабық/жаяу мүгедектер арбасы, көп функциялы мүгедектер арбасы, мүгедектер арбасы)

Протездік-ортопедиялық көмек – мүгедектерді протездік-ортопедиялық құралдармен (жоғарғы және төменгі аяқтардың протездері: қазіргі заманғы технологияларды пайдаланатын былғары шиналар, ересектерге, балаларға арналған ортопедиялық аяқ киімдер, сүт бездері протездері) қамтамасыз ету бойынша медициналық-техникалық көмектің мамандандырылған түрі.        Мемлекеттік қызметтерді алу үшін:

1) «Мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу».

2) «Мүгедектерді арнайы көлікпен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу».

3) «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу».

Мүгедектердің өтініші және жеке басын куәландыратын құжаты бар өтініш беруші мыналарға жүгінуге құқылы:

1) «Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам»;

2)Жергілікті атқарушы органдар (тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағадарламар);

3) "электрондық үкімет" веб-порталы;

4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы;

Проактивті сервис арқылы өтініш беру кезінде өтініш беру талап етілмейді.  Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берушi ұсынатын құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiн анықтау;

2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Мүгедектер жеке бағдарламадағы ұсынымдарға сәйкес тауарларды және (немесе) қызметтерді сатып алуға тапсырыстарды ALEUMET әлеуметтік қызметтер порталында тауарлар мен қызметтердің құнын өтеуге кепілдік берілген сома шегінде тегін орналастырады. Порталға кіру өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы жүзеге асырылады, ол қол қоюшының қолтаңбасына тең. ЭЦҚ берілген күннен бастап 1 жыл бойы жарамды, қолтаңба жарамсыз деп танылады; Электрондық цифрлық қолтаңбаны басқа тұлғаларға беруге тыйым салынады.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы