
Енді ЭЦҚ кілттерін қайта шығару барысында қосымша тексеру екі тәсілмен жүзеге асырылады:
- SMS арқылы — Қазақстан Республикасының мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне жіберілген бір реттік кодты енгізу арқылы;
- eGov Mobile қосымшасы арқылы — цифрлық құжатта көрсетілген кодты енгізу арқылы.
Аталған механизм Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қолданылмайды, себебі олардың телефон нөмірлері мобильді азаматтар базасында тіркелмеген.
Бұл жаңашылдық пайдаланушылардың ЭЦҚ кілттерін заңсыз пайдаланудан қорғауға, қауіпсіздікті арттыруға және кілттерді қайта шығару процесін анағұрлым сенімді етуге бағытталған.