Мерекелер қарсаңында көптеген азаматтар шетелге сапар жоспарлайды. Шекарада мүмкін болатын қиындықтар мен шектеулердің алдын алу үшін шетелге шығуға тыйым бар-жоғын алдын ала тексеруге кеңес береміз

Мерекелер қарсаңында көптеген азаматтар шетелге сапар жоспарлайды. Шекарада мүмкін болатын қиындықтар мен шектеулердің алдын алу үшін шетелге шығуға тыйым бар-жоғын алдын ала тексеруге кеңес береміз

eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында шетелге шығуға тыйым салынғанын тексеруге арналған онлайн-қызмет қолжетімді. Тексеру мынадай тізімдер бойынша жүргізіледі:
• шетелге шығуы шектелген борышкерлер тізілімі,
• атқару өндірісі бойынша борышкерлер тізілімі.

 

Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында онлайн алу жолы:
• «Қызметтер» батырмасын басыңыз.
• «Саяхат, шетелде тұру және эмиграция» - «Шет елге шығуы шектелген, борышқорлар тізілімі және атқару өндірісі бойынша борышқорлар тізілімі бойынша шет елге шығуға тыйым салынғандығының бар болуын тексеру» қызметін таңдаңыз
• ЖСН/БСН еңгізіңіз.
• «Тексеру» батырмасын басыңыз.

 

Қызметті алу мерзімі eGov порталында да, eGov Mobile қосымшасы арқылы да 15 минутқа дейін қолжетімді.