Технологиялар мен комплаенс: жасанды интеллект бұзушылықтармен күресуге қалай көмектеседі

Технологиялар мен комплаенс: жасанды интеллект бұзушылықтармен күресуге қалай көмектеседі

Қазіргі уақытта комплаенс саласы тексерулер мен бақылауға қатысты өзге де бағыттар сияқты технологиялық серпілістен өтуде. Процестерді автоматтандыру және жасанды интеллектті қолдану бұзушылықтардың алдын алуға және ішкі рәсімдердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды құралдардың біріне айналды.

Заманауи IT-технологиялар электрондық базалардағы үлкен көлемдегі деректерді жинау, тексеру және талдау тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметі күнделікті жұмысында жасанды интеллектке негізделген автоматтандырылған ресурстарды белсенді қолданады. Сәйкестік тәуекелдерін анықтау бойынша енгізілген алгоритмдер мен критерийлердің арқасында мұндай жүйелер компания қызметкерлері мен контрагенттері туралы деректерді қысқа мерзім ішінде жинап, жан-жақты талдай алады. Бұл ретте адам факторының ықпалы азайып, қателіктер мен олқылықтарға жол беру қаупі төмендейді.

Әрине, технологиялық шешімдер толыққанды сараптамалық талдауды алмастыра алмайды. Дегенмен, олар тексеру процесін едәуір оңтайландырып, терең зерттеуді қажет ететін мәселелерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде ықтимал тәуекелдерді уақтылы айқындап, жағымсыз салдарлар туындамай тұрып алдын алу шараларын қабылдауға жағдай жасалады.

Еске саламыз! Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық, алаяқтық немесе әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша ақпарат болған жағдайда, 1414 нөміріне немесе compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына дереу хабарласа аласыз. Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық құқық бұзушылықтарға бей-жай қарамаңыз.