Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарына енді eGov.kz арқылы онлайн түрде түсуге болады

Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарына енді eGov.kz арқылы онлайн түрде түсуге болады

Порталда әскери жоғары оқу орындарына түсуге өтініш беру бойынша электрондық қызмет қолжетімді. Барлық үдеріс толықтай онлайн өтеді: өтініш беруден бастап нәтижені Жеке кабинеттен алғанға дейін. Жүйе шектеулер мен соттылықты тексереді. Егер адам сотталмаған болса, жауап 10 минуттың ішінде келеді.

ҚР ҰҚК тексеру үшін № 075 нысанды анықтаманы алдын ала алу және өмірбаянын дайындау ұсынылады. Көптеген деректер (мекенжай, фотосурет, туыстық мәліметтер) мемлекеттік жүйелерден автоматты түрде жүктеледі, қалғанын қолмен қосуға болады.

 Ұшқыш мамандықтары үшін куәландыруға дейін 30 күннен кешіктірмей алынған медициналық қорытынды талап етіледі.

 Нәтиже Жеке кабинетке келеді. Қызмет көрсету мерзімі — 200 күнге дейін.