Республика күні ұлттық мерекесіне орай «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ЕГЕМЕНДІК ТІРЕГІ - АДАЛ АЗАМАТТАР» атты республикалық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты:
Республика күні ұлттық мерекесі аясында ел тәуелсіздігі жылдарында мемлекет игілігі жолында адал қызмет етіп, өз саласында кәсіби біліктілігімен, азаматтық ұстанымымен, еңбектегі жетістігімен ерекшеленген тұлғаларды кеңінен насихаттау, олардың үлгілі өмір жолын жастарға өнеге ету, отансүйгіштік пен адалдық құндылықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор әрі жауапты тұлғаның мәртебесін арттыру.
Іс-шараның міндеттері:
Республикалық байқау қатысушылары:
Қазақстан Республикасының еңбек нарығында кемінде 7 жыл еңбек өтілі бар, ұлтжанды, ұжымында белсенді, абыройлы, өзінің парасаттылығымен жас буынға үлгі өнеге көрсетіп жүрген азаматтар.
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman) және өтініш кестесін толтырып, бірге жіберу қажет. Сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.
Құжаттар elorda_01@mail.ru электронды почтасына 2025 жылдың қыркүйек айының 30-на дейін қабылданады.
Отдел внутренней политики Глубоковского района ВКО\AМусанов Д. Е.
Байқау қатысушыларына табысталады:
Байқаудың марапаттау рəсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді.
Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі және тағы басқа марапаттар табыс етіледі.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почта: elorda_01@mail.ru
Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety
Ұйымдастыру алқасы:
+7 707 410 13 24, +7 747 702 52 62, +7 778 742 74 40