Қауіпсіздік деңгейін арттыру және төтенше жағдайларға жедел ден қою аясында ШҚО ТЖД Глубокое ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және мұрағаттар басқармасымен бірлесіп QR-кодтар арқылы туристерді тіркеудің инновациялық жүйесін іске қосты.
Қазір Тархан округінің "Алтай Альпі" тау шаңғысы курорты, "Изумрудный" шипажайы, "Царское село" демалыс базасы, «Конный двор 22 км.» демалыс базасы, Forest мейрамханасы, "Ух-ты, Пихты"усадьбасы , Сахарки демалыс үйі және Восток-Тур-Драйв демалыс аймағы сияқты танымал туристік нысандарында, арнайы QR кодтары орналастырылған.
Бұл кодтар туристерге тез және оңай тіркелуге мүмкіндік береді, бұл олардың қауіпсіздігін едәуір арттырады және кез-келген төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жедел байланыс мүмкіндігін қамтамасыз етеді. QR кодтарын ақпараттық тақталар, тақтайшалар, тіректер мен қабырғалар сияқты көрнекті және қол жетімді жерлерде орналастыру олардың келушілерге барынша көрінуіне кепілдік береді.
"Бұл бастама Глубокое ауданының туристік аймақтарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға, туристік ағындардың тиімді мониторингін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлар кезінде жедел ден қою үшін жағдай жасауға бағытталған", – делінген Глубокое ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің хабарламасында.