Өскемен қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

Өскемен қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2026 жылғы 1 сәуірден бастап кезекші кесте бойынша Өскемен қаласының №1 ХҚКО жұмыс істейтінін хабарлайды. Ол Сәтпаев көшесі, 34/2 мекенжайында орналасқан.

Ал,  Қазақстан көшесі, 99/1 мекен-жайында орналасқан Өскемен қаласының №2 ХҚКО  әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі — демалыс күндері.

Еске салайық, кезекші ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді, ал сенбі күні — 8:00-ден 12:00-ге дейін.

Айта кетейік, кезекші мамандандырылған ХҚКО-дың мекенжайлары өзгеріссіз қалады:
Өскемен қаласының мамандандырылған ХҚКО-сы — Самар тас жолы көшесі, 23.

Олар дүйсенбіден жұмаға дейін 17:00-ге дейін жұмыс істейді, дайын құжаттарды беру 19:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сенбі күні — 8:00-ден 12:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру — 13:00-ге дейін.