Өскеменде кезекші ХҚКО жаңа мекенжайға көшеді

Өскеменде кезекші ХҚКО жаңа мекенжайға көшеді

2025 жылғы 1 қазаннан бастап Белинский көшесі, 37А мекенжайындағы ХҚКО азаматтарды кезекші кесте бойынша қабылдайтын болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО филиалы хабарлайды.

 

Бұған дейін кезекші ХҚКО Сәтпаев даңғылы, 34/2 мекенжайында орналасқан еді, енді бұл бөлім әдеттегі жұмыс тәртібіне көшеді: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

 

Еске салайық, кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбі күні сағат 8:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, кезекші арнайы ХҚКО мекенжайы өзгеріссіз қалады: Самар тас жолы, 23/1. Бұл бөлім жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін түскі үзіліссіз қызмет көрсетеді. Құжаттарды беру – сағат 19:00-ге дейін. Сенбі күні азаматтарды қабылдау – сағат 8:00-ден 11:00-ге дейін, құжаттарды беру – 12:00-ге дейін.