Қазақстан Республикасының Конституция күніне байланысты 30 тамыз, сенбі күні барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
1 қыркүйек, дүйсенбі күні тек кезекші орталықтар мен кезекші мамандандырылған орталықтар қызмет көрсетеді. Кезекші орталықтар 9:00-ден 13:00-ге дейін, ал мамандандырылған орталықтар 9:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істеп, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін береді.
2 қыркүйектен бастап ХҚКО мен МХҚКО-лар қалыпты жұмыс режиміне қайта оралады.
Кезекші орталықтар тізімін осы жерден қарауға болады.