2024 жылдың 15 мамырынан бастап "Мерейлі отбасы" конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы №904 өзгерістермен 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі. Ұлттық байқау адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурстық құжаттаманы көрсетілген мерзімде мына мекенжайға жіберу қажет : glubokoeovp@gmail.com өтінімдерді қабылдау бойынша жауапты Глубокое ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ф. Б. Шаяхметова, т. 22-480,+7-705-223-69-23