ОБЛЫСТЫҚ «ШЫҒЫСТЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ОТБАСЫ - 2024»
БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
Отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау, қазіргі жас отбасылардың мәртебесін көтеру, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа әлеуметтік-белсенді, тұрақты-өнегелі, сапалы тәрбие беруге жағдай жасау, отбасылық салт-дәстүрлерді, туыстық байланыстарды қайта жаңғырту, дамыту және бекемдеу, жас отбасылардың қазіргі жағдайдағы белсенді әлеуметтік көзқарастарын қалыптастыру, отбасының бұзылуы мен әлеуметтік жетімдіктің пайда болуының алдын алуға ықпал ету мақсатында «Тәуелсіз зерттеу орталығы» Қоғамдық бірлестігі және Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша комиссияның қолдауымен «Шығыстың ең үздік отбасы - 2024» атты байқау жариялайды. Байқаудың номинациялары: «Отбасы тарихы – өңір тарихы», «Еңбеккерлер әулеті», «Күміс той иелері», «Алтын той иелері», «Гауһар той иелері», «Ең жас көп балалы отбасы» (35 жас), «Мейірімді жүректі отбасы».
Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер шешіледі:
«Тәуелсіз зерттеу орталығы» Қоғамдық бірлестігі және «Қараша ұрпақтары» Қоғамдық Қоры Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша комиссияның қолдауымен (әрі қарай - ұйымдастырушылар) Ұйымдастырушылардың өкілеттілігіне төмендегілер жатады:
Ұйымдастырушылар байқау шарттары мен байқау регламентінің сақталуын, байқау комиссиясы жұмысының кіршіксіз таза болуын, белгіленген байқаудың регламент аясында қызығушылық білдірушілер мен мүдделі мекемелерге барлық қажетті ақпараттардың кедергісіз жетуін қадағалауды қамтамасыз етеді.
Номинациялар бойынша қойылатын талаптар:
1) «Отбасы тарихы – өңір тарихы» - облысымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосып, заманымыздың каhарманын өсіріп-тәрбиелеген белгілі отбасылар.
2) «Еңбеккерлер әулеті» - үш ұрпаққа жалғасқан еңбеккерлер отбасы;
3)4)5) «Күміс той иелері», «Алтын той иелері», «Гауһар той иелері» - 25, 50, 60, 70 жыл отасқан үлгілі отбасы.
6) «Ең жас көпбалалы отбасы» - 5 және одан көп балалы, белгілі бір салаларда оң тәжірибесі мен жетістіктері бар ең жас отбасы (ата-анасының біреуінің жасы 35 жасқа дейін болу керек).
7) «Мейірімді жүректі отбасы» - жетім балаларды тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.
Облыстық байқау екі кезеңде өтеді:
Бірінші кезең: 2024жылдың 25-шы наурыздан 25-шы сәуір аралығында қатысушылар байқауға қажетті құжаттарды ұсынады:
1) Қатысушылар туралы мәлімет:
№ |
Номинация |
Аты, жөні, тегі Байланыс телефоны Мекен жайы |
Жұмыс, оқу орны, лауазымы |
Жетістіктері |
|
|
|
|
|
2) Куәландыратын құжаттар (мысалы, көп балалы отбасы болса неке және туу туралы куәліктерінің көшірмесі, 7-ші аталым бойынша қатысса қамқоршылық кеңесінің немесе басқа атқарушы мекеменің анықтамасы)
3) отбасылық сурет (USB – тасушысы немесе электронды мекен–жайға).
4) «Шаңырақтың берекесі» тақырыбында эссе жазу;
5) Бейне таспа «Отан отбасынан басталады»
Қатысушы туралы мәліметті Zhanar_kab.vko@mail.ru e-mail-ге жіберу.
Екінші кезең 2024 жылдың 26-ші сәуірден 10-ші мамыр аралығында байқау комиссиясы ұсынылған жұмыстарды қарап, жеңімпаздарды анықтайды.
Байқаудың ақтық кезеңі Халықаралық отбасы күніне арналған «Отан отбасынан басталады» атты Отбасылық Форум түрінде өткізіледі.
7.1. Байқау комиссиясының міндетіне жатады:
7.2. Байқау комиссия шешімдерін басым дауыспен қабылдау және хаттамамен бекіту.
Әр бір аталым бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы силықпен және дипломмен марапатталады.
9.1. Бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы тарату.
Қосымша ақпаратты
87775193996 телефон арқылы байланысуға болады