Мобильді қосымша-TortTulik

Мобильді қосымша-TortTulik

2023 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларының иелері үшін TortTulik мобильді қосымшасы іске қосылады. Жобаны ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-дегі экономикалық саясатты талдау орталығымен бірлесіп әзірледі, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
        "Қосымша Ауыл шаруашылығы жануарларының базасын кеңейтуге көмектеседі, әрбір жануар иесі (ШҚ, ЖШС, ЖҚШ және т.б.) өз малына түгендеу жүргізе алады. Осының арқасында ветеринарлардың ветеринариялық-профилактикалық іс - шараларды уақтылы және толық көлемде жүргізуге мүмкіндігі болады", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қолданба смартфонда онлайн және офлайн режимінде жұмыс істейді. Интернет болмаған жағдайда, бағдарлама желіге қосылғаннан кейін деректер жаңартылады.  

Бағдарлама арқылы ветеринариялық төлқұжат алуға болады және болашақта малды сатып алу-сату, жоғалған кезде тегті ауыстыру, сондай-ақ союдан кейін жануарды есептен шығару рәсімдерін жасауға болады