Прапорщиково ауылында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Прапорщиково ауылында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 22 қыркүйекте Ертіс ауылдық округінің Прапорщиково ауылында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мәселелері бойынша кәсіпкерлермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс барысында сауда нысандарының сатушыларына ақпараттық жадынамалар таратылып, тиісті түсіндірмелер берілді.