
Құрметті оқушылар, ұстаздар және ата-аналар!
Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
1 қыркүйек – жаңа мүмкіндіктерге, білім мен жетістіктерге жол ашатын ерекше күн.
Білім – болашаққа бастар жол, ал еңбекқорлық пен табандылық – жетістікке жеткізетін сенімді қадам.
Барша оқушыларға – қызықты оқу мен жарқын жеңістер, ұстаздарға – шығармашылық табыс пен білімге құштар шәкірттер, ата-аналарға – зор денсаулық, амандық пен балаларының жетістіктеріне қуану бақыты тілеймін!
Жаңа оқу жылы баршамызға толағай табыс, қуаныш және жаңа жетістіктер әкелсін!
Жаңа оқу жылы құтты болсын! 📚✨