
Уварово ауылында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Иртыш ауылдық округіне қарасты Уварово ауылында Ертіс өзенінің жағалау аумағын абаттандыру мен санитарлық тазалауға бағытталған «Таза жағалау» акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар жағалау аумағын қоқыстан тазалап, тұрмыстық қалдықтарды жинап шығарды, демалыс орындарын ретке келтірді, орындықтарды жуып, сондай-ақ биік шөптерді шауып, тазарту жұмыстарын жүргізді.
Акцияға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері, әртүрлі жастағы балалар мен жасөспірімдер қатысты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде жағалау аумағының санитарлық жағдайы жақсарып, тұрғындардың демалуына қолайлы орта қалыптастыруға үлес қосылды.
«Таза жағалау» экологиялық акциясы қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттап, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» бастамасын іске асырудағы маңызды шаралардың бірі болды.