«ШҚО Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2025 жылғы қызметі туралы есебі

«ШҚО Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2025 жылғы қызметі туралы есебі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрін көрсетеді.

         2025 жылы 27 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 20 - жеке тұлғаға, 7 - заңды тұлғаға, оның ішінде:

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 6;

– elicense ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 20;

- баламалы негізде қағаз нысанда көрсетілген, бірақ веб – портал және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін мемлекеттік қызметтер саны - 1.

 

         2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту саны - 4.

         Бір жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар туралы мәліметтер түскен жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу болған жоқ.

 

 

Ертіс ауылдық округінің әкімі                                                      Е. Жумагулов