Өскеменде кезекші ХҚКО жаңа мекенжай бойынша жұмыс істейтін болады

Өскеменде кезекші ХҚКО жаңа мекенжай бойынша жұмыс істейтін болады

1 сәуірден бастап Өскемен тұрғындарын кезекші кесте бойынша Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) қабылдайды. Бұған дейін Белинский көшесі, 37а бойынша ХҚКО кезекші болған.

Естеріңізге сала кетейік, кезекші ХҚКО әдеттегі кестеден айырмашылығы жұмыс күндері сағат 8:00 – ден 19:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күндері-8:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұл ретте мамандандырылған ХҚКО кезекшісінің мекенжайы өзгеріссіз қалады: Самара тас жолы, 23. Ол дүйсенбіден жұмаға дейін 8:00 – ден 19:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбіде 8:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, ШҚО-ның басқа ХҚКО-лары азаматтарға стандартты кесте бойынша қызмет көрсетеді: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін.