Сіріңкемен ойнама

Сіріңкемен ойнама

Өрт қауіпті кезінде ешқандай жағдайда орманда от жақпаңыз! Сіріңкемен ойнауға жол бермеңіз. Құрғақ шөпке от қоймаңыз! Шыны ыдыстарды өзіңізбен алып кету керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпке түскен сәуле шағылып, тұтануы мүмкін.
Ата-аналар, балаларға от пен сіріңке ойындарының қауіптілігін түсіндіріңіз. Орманнан отты сөндірмей кетпеңіз. Өрт байқаған жағдайда, дереу 101 және 112 телефондарына хабарлаңыз.