Құрметті салық төлеушілер!

Құрметті салық төлеушілер!

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі басталды, оның шеңберінде 250.00 нысанындағы «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.

Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті әділ салық салуды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету болып табылады.

250.00 нысанындағы «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны бір рет – жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде ұсынады. Әрі қарай жыл сайын 270.00 нысанындағы «Кірістер мен мүлік туралы» декларация ұсынылады.

Ағымдағы жылы жалпыға бірдей декларациялаудың I-II кезеңіне қатысушылары 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға міндетті.

2024 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша III кезең шеңберінде кіріс декларациясын ұсынуға міндетті адамдар саны 76,6 мыңды құрайды, оның ішінде бүгінгі күнге декларацияны 35,4 мың адам тапсырды, бұл 46% құрайды, ал 41,2 мың адам ұсынбаған.

270.00- нысан бойынша декларацияны (I-II кезеңге қатысушылар) 121,6 мың жеке тұлға ұсынуға міндетті, оның ішінде декларацияны 96,1 мың адам ұсынды, бұл 79% құрайды, 25,5 мың адамдар ұсынбаған.

Декларацияларды «Салық төлеушінің кабинеті», «ҚР электрондық үкіметі» веб-порталдары, «e-SalyqAzamat», «Halyk», «Bank CenterCredit», Kaspi.kz мобилді қосымшалары арқылы ұсынуға болады.

Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз жеткізгіште почта арқылы, не тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы келу тәртібімен ұсынуға құқылы.

Салық төлеушілер табыс етілген декларацияға талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылдың ішінде қателер анықталған жағдайда қосымша декларацияларды ұсыну жолымен түзетулер енгізуге құқылы, дебиторлық/кредиторлық берешек жөніндегі мәліметтерді қоспағанда.

01.01.2024 ж. бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес декларацияны электронды түрде де, қағаз жеткізгіште де беру үшін бірыңғай мерзім белгіленді15 қыркүйектен кешіктірмей.

Бұдан басқа, 01.07.2024 ж. бастап Салық кодексіне ретроспективті түрде өзгерістер енгізілді, оған сәйкес бейрезиденттер активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (СЕН 250.00) ұсынудан - 01.01.2023 ж. бастап, сондай- ақ - коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) мен акционерлері - 01.01.2024 ж. бастап IV кезеңге көшумен босатылды.

Салық төлеушілердің жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларацияларды уақтылы табыс ету жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мақсатында Мемлекеттік кірістер департаменті соңғы күнге қалдырмай, 250.00, 270.00 нысанды декларацияларды алдын ала тапсыруды ұсынады.