Жол жүру ережесін сақта — өміріңді сақта!

Жол жүру ережесін сақта — өміріңді сақта!

Жол қозғалысы ережелері (ЖҚЕ) — бұл жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің, жолаушылар мен велосипед жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған міндетті нормалар жиынтығы.

Әр адам білуі тиіс негізгі ережелер:

🚸 Жаяу жүргіншілерге:

  • Жолды тек жаяу жүргінші өткелі арқылы кесіп өтіңіз.
  • Бағдаршамда тек жасыл жарық жанғанда өтіңіз.
  • Жолға шығар алдында қауіпсіздігіне көз жеткізіңіз!

🚗 Жүргізушілерге:

  • Жылдамдық режимін сақтаңыз.
  • "Зебра" өткелінде жаяу жүргіншілерге жол беріңіз.
  • Мас күйде көлік жүргізбеңіз.
  • Қауіпсіздік белдігін тағып, көлігіңіздің техникалық жағдайын бақылауда ұстаңыз.

🚲 Велосипед жүргізушілеріне:

  • Велосипед жолымен, болмаса жолдың оң жақ шетімен жүріңіз.
  • Қорғаныс жабдығы мен жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдаланыңыз.

☝️ Есте сақтаңыз: ЖҚЕ-ні сақтау — өзіңе және айналаңдағы адамдарға деген құрмет. Бір ғана қате қадам немесе маневр өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!