
6-нысан бойынша анықтама - өтініш берушінің атында жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екенін растайды. Бұл мәлімет жылжымайтын мүлік мәмілелері, кредит алу сияқты әртүрлі заңды және әкімшілік процедуралар үшін қажет.
⠀
Бұл қызметті eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында алуға болады. eGov.kz анықтаманы алу үшін:
- авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» – «Сатып алу, сату, жалға алу» бөлімін таңдаңыз;
- «Ф-6 анықтамасы (жылжымайтын мүліктің болуы туралы)» анықтамасына өтінім беріңіз;
- «Қызметті алу» бөлімінде қызметті кімге алып жатқаныңызды таңдаңыз;
- барлық жолдарды толтырыңыз;
- өтінімге қолжетімді әдістердің бірімен қол қойыңыз;
- қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте таныса аласыз
⠀
Айта кетейік: қызметті келесі банктердің мобильді қосымшаларынан да алуға болады:
- Kaspi Bank;
- Halyk Bank;
- Еуразиялық банк;
- Банк ЦентрКредит;
- Freedom Bank.