«Еңбек жолы» Республикалық байқауы туралы хабарландыру

«Еңбек жолы» Республикалық байқауы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» республикалық байқауының басталғаны туралы хабарлайды.
Байқау жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі, үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтауға бағытталған.
Байқауды өткізу мақсаттары:
1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және
кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;
3) Қазақстандықтардың Қазақстан Республикасының экономикасын
дамытуға елеулі еңбек үлесін қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
4) Жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;
5) «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» қамқорлығымен қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.
Байқауға мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, саласына қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) Үздік еңбек әулеті.
Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттарға ие ең үлкен әулет таңдалады.
2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері.
Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.
3) Өндірістің үздік жас қызметкері.
Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.
Қазіргі уақытта жұмыспен қамту бөлімі осы байқау бойынша өтініштер жиынтығын өткізуде, байқауға қатысу тегін. Қатысу үшін «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не өтінішті электрондық және қағаз тасымалдағышта ұсынуға болады. Анықтамалар үшін: Глубокое кенті, Пирогов көшесі 6, тел.2-15-35.