
Бұл мәлімет жылжымайтын мүлік мәмілелері, кредит алу сияқты әртүрлі заңды және әкімшілік процедуралар үшін қажет.
⠀
⚙️Бұл қызметті eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында алуға болады. eGov.kz анықтаманы алу үшін:
- авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» – «Сатып алу, сату, жалға алу» бөлімін таңдаңыз;
- «Ф-6 анықтамасы (жылжымайтын мүліктің болуы туралы)» анықтамасына өтінім беріңіз;
- «Қызметті алу» бөлімінде қажетті тармақты таңдаңыз;
- барлық жолдарды толтырыңыз;
- өтінімге қолжетімді әдістердің бірімен қол қойыңыз;
- қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте таныса аласыз✅
⠀
📲Сонымен қатар, қызметті eGov Mobile қосымшасында «Қызметтер» - «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» бөлімінен алуға болады.