eGov.kz порталында және eGov mobile қосымшасында зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы жылдам әрі ыңғайлы түрде алуға болады

eGov.kz порталында және eGov mobile қосымшасында зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы жылдам әрі ыңғайлы түрде алуға болады

eGov mobile қосымшасында анықтама алу үшін:

 

- eGov mobile қосымшасында авторизациядан өтіңіз;
- Басты бетте «Мемлекеттік қызметтер» → «Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақылар» бөлімін таңдаңыз;
- «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру (инвестициялық кірісті есепке алмағанда)» қызметін таңдаңыз;
- қажетті жолдарды толтырыңыз;
- өтінімге қол қойыңыз.

 

Дайын құжат «Хабарламалар» → «Жеке кабинет тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.