Телефон нөміріңіз өзгерді ме? Оны Мобильді азаматтар базасында жаңартуды ұмытпаңыз

Телефон нөміріңіз өзгерді ме? Оны Мобильді азаматтар базасында жаңартуды ұмытпаңыз

1414-тен SMS-кодтарды алу, мемлекеттік қызметтерді растау және eGov сервистерін пайдалану үшін телефон нөміріңіз Мобильді азаматтар базасында тіркелуі қажет.

 

Егер телефон нөміріңіз өзгерсе немесе қай нөмірдің тіркелгенін тексергіңіз келсе, eGov.kz порталындағы «Мобильді азаматтар базасында абоненттік нөмірді тіркеу» қызметін пайдаланыңыз.

 

Қызмет арқылы:
телефон нөмірін тіркей аласыз;
нөмірді қайта тіркей аласыз;
тіркелу мәртебесін тексере аласыз.