Жер учаскелеріне мемлекеттік актіні енді тек eGov.kz порталы арқылы онлайн алуға болады

Жер учаскелеріне мемлекеттік актіні енді тек eGov.kz порталы арқылы онлайн алуға болады

12 шілдеден бастап жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беру жөніндегі мемлекеттік қызмет толықтай электрондық форматқа көшірілді.

Қызметті алу бұрынғыдан да оңай:
eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
қажетті қызметті таңдаңыз;
қажетті мәліметтерді толтырыңыз;
өтінімге қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірі арқылы қол қойыңыз.

Өтінім қаралғаннан кейін дайын мемлекеттік акт eGov.kz порталындағы Жеке кабинетте қолжетімді болады.

Бүгінде мемлекеттік акт алуға берілетін өтінімдердің 96%-ы онлайн түрде рәсімделеді. Қызметтің толықтай электрондық форматқа көшуі ХҚКО-ға жүгіну қажеттілігін жойып, қызметті алу үдерісін бұрынғыдан да ыңғайлы әрі жедел етті.